Басқалары

Мейрамбек Айнағұлов әлем чемпионатында белдеседі

Мейрамбек Айнағұлов Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында өтетін әлем чемпионатында сынға түседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов әскерилер арасында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Грек-рим күресінен сынға түсетін отандасымыз 63 келі салмақ дәрежесінде белдеседі. Грек-рим күресі шеберлерінің жарысы 17 мамыр күні басталады.

Айта кетейік, Мейрабек Айнағұлов 2016 жылы әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары