Бокс

Батыр Жүкембаев WBC тұжырымының белбеуіне таласады

Жекпе-жек 26 мамырда Канадада өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде WBC тұжырымының белбеуіне таласады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап.

Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев WBC ұйымының  Америка аймағы бойынша вакантты белбеуіне таласады. Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін отандасымыз Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизмен  (20-9-1, 7 КО) жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Батыр соңғы кездесуінде мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатқан болатын. Ал оның қарсыласы Хосе Эниз кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 20 кездесуінде жеңіске жеткен екен. Қалған 9 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс