Ережесіз жекпе-жек

Дамир Исмағұлов кезекті рет чемпиондық атағын қорғайды

M-1 Global ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Дамир Исмағұлов чемпиондық атағын кезекті рет қорғайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Орынбордың қазағы Дамир Исмағұлов M-1 Challenge 94 турнирінде кезекті рет жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды. Аралас жекпе-жектен белді тұжырымдардың бірі саналатын M-1 Global тұжырымының чемпиондық атағын жеңіп алған қандасымыз белоруссиялық Артём Дамковскийға (22-10)  қарсы жепе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Дамир Исмағұлов соңғы жекпе-жегін M-1 Challenge 88 турнирінде өткізіп, грузиялық  Раул Тутараулиді жеңген болатын. Дамир сегізбұрышта жекпе-жекте 15 кездесу өткізіп, 13 жекпе-жекте мерейі үстем болса, 2 рет жеңіліске ұшыраған. Ал Артем M-1 Global тұжырымының осы салмақтағы алғашқы чемпионы.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек