Соңғы жаңалықтар

Андрес Иньестаның спорттық мансабын қайда жалғастыратыны анықталды

«Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньестаның қайда кететіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Испания құрамасының, «Барселона» клубының капитаны Андрес Иньеста каталониялық клубпен қош айтысқаннан кейін спорттық мансабын қайда жалғастыратынын айтты.

«Қазір менің өмірімде маңызды шешім қабылдайтын сәт туындады. Әзірге Қытай мен Жапонияны қарастырып жатырмын. Бірақ әрқайсысының кемшіліктері бар. Асықпай барлығын саралап, келесі аптада шешім қабылдаймын деген ойдамын» деді Иньеста.

Айта кетейік, Андрес Иньеста «Барселона» сапында 16 жыл өнер көрсетті. Ол осы кезеңде өз командасымен бірге сегіз рет «Испания чемпионы, төрт рет — Чемпиондар лигасын, бес рет Испания кубогын және жеті рет ел Супер кубогын жеңіп алды. Испания құрамасы үшін өнер көрсеткен Иньеста 2010 жылы әлем чемпионы және екі рет Еуропа чемпионы (2008, 2012) атанды. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар