Ережесіз жекпе-жек

Қайрат Ахметовтың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат «Қазақ» Ахметовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіл салмақтағы ONE FC тұжырымының экс-чемпионы Қайрат Ахметов кезекті жекпе-жегін маусым айының соңында өткізеді. Отандасымыз 29 маусым күні ONE FC-дағы соңғы кездесуін Мьянма елінің бұрынғы астанасы Янгон қаласында өтетін жекпе-жек кешінде өткізеді. Әзірге «Қазақтың» қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов ONE FC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ол сегізбұрышта 22 жекпе-жек өткізіп, тек 2 мәрте ғана жеңіліске ұшыраған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек