Бокс

Мэнни Пакьяо: Ломаченкомен жекпе-жек өткізуге дайынмын

Филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) мен Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Mmaboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо  жақында ғана жеңіл салмақты WBA тұжырымының чемпиондық атағын жеңіп алған Ломаченкомен жекпе-жек өткізуге тас түйін дайын екенін айтты. 

«Иә, мен Ломаченкомен жұдырықтасып, әлеуетімді тексеріп көргім келеді. Ол қазір Линаресті жеңіп, WBA тұжырымының чемпионы атанды. Демек, екеуіміздің жекпе-жегіміз де чемпиондық атақ үшін өтеді. Біздің кездесуіміз АҚШ-та өтуі мүмкін. Әрқашан үлкен жекпе-жектер өткізуге дайынмын. Әрине, жеңіл салмаққа түсу мен үшін оңай болмас, алайда мен бәріне дайынмын» деді Мэнни.

Айта кетейік, Василий Ломаченко WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Хорхе Линаресті техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. Ал Пакьяо келесі жекпе-жегін 15 шілде күні Малайзия елінде аргентиналық панчер Лукас Матиске (39-4, 36 КО) қарсы өткізеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс