Ережесіз жекпе-жек

Арман Оспановтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов пен ресейлік Адлан Батаев ACBJJ 14 турнирінде өзара мықтыны анықтайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қос спортшы 30 маусым күні Мәскеу қаласында  бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша өтетін АСВJJ 14 турнирінде сынға түседі. Яғни, қос спортшы грепплинг күресі бойынша белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Оспанов пен Батаев 75 келі салмақта, 5 минуттан 3 кезең белдесетін болады.

Айта кетейік, Арман «Сұңқар» Оспанов соңғы кездесуін АСВ 86 турнирінде өткізу керек болған. Алайда жекпе-жекке 10 минут қалғанда қарсыласы жұдырықтасудан бас тартқан болатын. Ал Батаев АСВ тұжырымының рейтингінде 2-орында тұрған спортшы.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек