Бокс

British Lionhearts командасына қарсы жұдырықтасатын «Астана арландарының» құрамы белгілі болды

Жекпе-жек 17 мамыр күні Англияда өтеді

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» — British Lionhearts жекпе-жегінде сынға түсетін боксшылар анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

17 мамыр күні Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өтетін бокс кешінде өнер көрсететін қос команданың құрамы белгілі болды. Алғашқы жартылай финалдық матчқа қатысатын Astana Arlans пен British Lionhearts құрамасын назарларыңызға ұсынамыз: 
49 кг. Теміртас Жүсіпов — Яфай Галал
56 кг. Ільяс Сүлейменов — Фаррель Ниал Дин
64 кг. Ділмұрат Міжітов vs Смит Далтон
75 кг. Əбілхан Аманқұл vs Уиттакер Бенжамин
91 кг. Арбек Абдуғаниев — Кларк Чавон

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 мамыр күні, Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс