Негізгі жаңалықтар

Еркебұлан Сейдахметтің командасы Еуропа лигасына жолдама алды

Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсететін ресейлік «Уфа» командасы Еуропа лигасына жолдама алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ресейлік «Уфа» футбол клубы Еуропа лигасында өнер көрсетуге жолдама алды. «Қазақтың Мессиі» доп тебетін команда Ресей біріншілігінде 43 ұпаймен 6-орынға жайғасып, футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын додаға жолдама алды. «Уфа» командасы соңғы ойында «Тосно» футбол клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет  жаттығудың бірінде жарақат алып, біраз ойыннан шеттеген еді. Жалпы, Еркош (лақап аты — авт.) «Уфа» командасының сапында екі ойын өткізді. Ресей Премьер-лигасы аясында «Анжиға» қарсы ойынның 46-минутында алаңға шығып, Ресей біріншілігінде доп тепкен 21 ғасырда туған алғашқы футболшы атанды. Артынша «Арсенал» клубына қарсы матчта 81-минутта әріптесін ауыстырды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Негізгі жаңалықтар