Басқалары

Алты балуанымыз Азия чемпионатының ақтық сынында сүрінді

Өзбекстанда күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатының ақтық сынына жолдама алған алты балуанымыз күміс жүлдені місе тұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ташкентте жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында еркін күрестен сайысқа түскен 6 балуанымыз ақтық сынға жолдама алып, барлығы күміс медальді қанағат тұтты. 45 келіде белдескен Сұлтан Құрманалиев финалға да ешкімге дес бермей келсе, ақтық айқаста ирандық балуанның осал тұсын таба алмады. 48 келідегі Асылжан Есенгелді де финалда өзбек балуаны Умиджон Жалоловтан айласын асыра алмай, алтын жүлдеден қағылды. 51 келіде өнер көрсеткен Кенесары Тайырбек те өзбек балуанына есе жіберсе, 55 келідегі Әуез Сейітбаев жапондық Хайото Фужитмен тартысқа толы өткен белдесуде ұтылды. Ал 60 келіде сынға түскен Яссауи Мұхтарұлы үндіс балуаны Равиндер Равиндерге 8:1 есебімен жеңілсе, 92 келідегі  Юнус Гафуров иран балуанының қарқынына төтеп бере алмады.

Айта кетейік, Ташкентте өткен додада грек-рим күрес шеберлерінен Дінмұхамед Қошқар (55 келіде) мен Абдіәзім Қарабаев (65 келіде)  чемпион атанса, Исхар Курбаев (48 келі) күміс, Мақсат Ерманов (45 келі) пен Вэйсал Эюбов (71 келі) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары