Бокс

Канададағы қазақ боксшыларының жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды

Канада елінде ел намысын қорғап жүрген қазақ былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап. 

Канадада жаттығатын Абылайхан Құсайынов (8-0 5 KO), Нұрзат Сабыров (5-0 5 KO), және Садриддин Ахмедовтың (1-0 1 KO) келесі жекпе-жектерін маусым айында өткізеді. Отандастарымыз 16 маусым күні Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Әзірге олардың қарсыластары белгісіз. 

Айта кетейік, отандастарымыз Канада еліндегі Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Боксшыларымыздың барлығы соңғы жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс