Бокс

Роналдуға шапан жапқан қазақ кәсіпкері Ломаченконы қолдауға барды

Әлемнің ең үздік футболшысы Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын жапқан белгілі кәсіпкер Ибрагим Акдрашев WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченконы  Хорхе Линареске қарсы өткізген жекпе-жегіне қолдауға барды.  

Қазақстандық белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры  Ибрагим Акдрашев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында өткен Василий Ломаченко мен венесуэлалық Хорхе Линарестің кездесуін тамашалауға арнайы барды. Ибрагим Акдрашев үлкен спорт шараларына қатысып қана қоймай, өзі де ұйымдастырады. Атап айтсақ, жақында ғана Атырауда CharityBike Ride Atyrau — 2018 қайырымдылық велошеруі өткізіп, одан түскен қаражаттың барлығын  спортпен айналысамын деген жас жеткіншектердің қажеттіліктеріне жұмсаған болатын.

Айта кетейік, Василий Ломаченко  WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Хорхе Линаресті техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс