Ережесіз жекпе-жек

Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Санжар Әділов өзбекстандық қарсыласын нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Санжар Әділов Ақтау қаласында өткен NFC 14 турнирінде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді. Аса жеңіл салмақты сынға түскен отандасымыз өзбекстандық Амин Эргашевты 1 раундта техникалық нокаутпен ұтып, сегізбұрыштағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Санжар Әділов  UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қол астында жаттығады. Ол соңғы жекпе-жегін Бішкекте өткен FFC турнирінде өткізіп, қырғызстандық қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктірген болатын. Бұл отандасымыздың сегізбұрыштағы 3 жеңісі болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек