Бокс

Дәурен Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Дәурен кезекті жекпе-жегін АҚШ-тың Стоун Маунтэйн қаласында өткізіп, шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз америкалық боксшы Джован Джонды (2-4-1) 3 раундта техникалық нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. 

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, 5 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте қарсыласымен тең түскен болатын. Ол соңғы кездесуінде америкалық Леонель Хименезті нокаутпен жеңген еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс