Бокс

Василий Ломаченко үш салмақта әлем чемпионы атанды

WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко үш салмақ бойынша әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хорхе Линарес техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Ломаченко венесуэлалық қарсыласын 10 раундтан асырмады. Осылайша, Ломаченко WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, Василий Ломаченко шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 10-кездесуде жеңіске жетсе, Хорхе 44 жекпе-жек өткізіп, тек 3 рет қана жеңіліске ұшыраған. Ломаченко соңғы жекпе-жегін Гильермо Ригондаға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын. Ал Линарес Мерсито Гестаны төрешілер шешімі бойынша ұтқан.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс