Соңғы жаңалықтар

«Даму Кубогы – 2018». Қазақстан қыздар құрамасы Белорусияны ұтты

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы «Даму Кубогы – 2018» халықаралық турниріндегі екінші ойынында жеңіске жетті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Беларусь құрамасымен жолығып, жарыстағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Ойын барысында біздің қыздар екі рет таразы басын теңестірді. Екі сәтте де қорғаушы Александра Бурова дәлдік танытты. Кездесу тағыдыры матч соңындағы пенальти сериясында шешілді. Біздің құраманың төрт ойыншысы он бір метрден мүлт кетпеді. Ойынның басты қаһарманы қақпашы Аружан Оразбекова атанды. Ол қарсыластың екі он бір метрлік соққысын қайтарды.

Беларусь U-17 – Қазақтан U-17 — 2:2 (1:1) пен. 2:4

Голдар: Харитончик 7, Железникова 73 — Бурова 22, 78.

Қазақстан қыздар құрамасы U-17: Оразбекова, Бурова, Садықова (к), Ташмет, Исмаилова, Кенжетай, Әйтімбетова (Шолақова 41, Мұқашова 72), Көпжанова, Артықбай, Иванова, Махаматова (А.Шалмұқанбетова 51)

Айта кетейік, Қазақстан қыздар құрамасы U-17 турнирдегі шешуші ойынын Румыния U-17 құрамасымен өткізеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар