Ережесіз жекпе-жек

Ардақ Назаровтың шәкірті өзбекстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті Мырза Еркінбек өзбекстандық спортшыға қарсы жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Мырза Еркінбек NFC 14 турнирінде сынға түседі. «Алем файтерс» кəсіпқой спорт клубы спортшысы өзбекстандық Дадохан Хасановпен (4-5) жұдырықтасып, өзара мықтыны анықтайтын болады. Жекпе-жек 74 келі салмақты өтеді.

Айта кетейік, Мырза Еркінбек әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен әлем чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін Abadan Fighting Championship 2 турнирінде өзбекстандық Муxамоджан Каюмовқа қарсы өткізіп, 1 раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек