Негізгі жаңалықтар

Неймар «ПСЖ-ның» басшылығынан «Реалға» жіберуді өтінген

Gazeta Esportiva

Париждік «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Неймар осы жазда командасын ауыстыруы мүмкін, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Беделді Marca агенттігінің мәліметінше, бразилиялық футболшы «ПСЖ» клубының басшылығына командадан кеткісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, Неймар өзінің агенті әрі әкесіне басқа командаға ауысу жайлы клуб басшылығымен келіссөзді бастауды сұраған.

Бұған дейін, шетелдік басылымдар Неймардың Франция чемпионатына ауысқанына өкінгенін және мадридтік «Реалдың» өкілдерімен келіссөздерді бастағанын жарыса жазған болатын.

Ендігі Неймарды париждік клубтың басшылығы «Реалға» жіберетін болса, трансфер құны, болжаммен 260-300 миллион евро қарамағында болмақ. Ал футболшының жаңа командасындағы жалақысы жылына 40 миллион евроны құрайды.

Айта кетейік, Неймар өткен жылдың тамыз айында каталондық «Барселонадан» «ПСЖ» клубына ауысқан болатын. Париждік ұжым бразилиялық футбол үшін 222 миллион евроға шығындалған.  25 жастағы жартылай қорғаушының «ПСЖ» клубына ауысуы футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болып тіркелді. Футболшының өзі париждік клубпен бес жылдық келісімшарт жасасты. Ал оның жылдық табысы 57 миллион евроға жетті. 

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Негізгі жаңалықтар