Ережесіз жекпе-жек

Диас Еренғайыпов WFCA тұжырымындағы рейтингін сақтап қалды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Диас Еренғайыпов WFCA тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы ұйымның  ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірі саналатын WFCA ұйымында сынға түсетін Диас Еренғайыпов үздік 5 спортшының қатарында. Отандасымыз тұжырымның жаңартылған рейтингінде 4 орнын сақтап, алдында Азам Гафуров (10-0), Имран Букуев (8-0), және Мурад Зейнулабиновты (17-30 )жіберген. Ал бұл салмақтың (56.7 келі) чемпионы ресейлік Юнус Евлоев.

Айта кетейік, Диас Еренғайыпов шаршы алаңда 8 жекпе-жек өткізіп, 7 кездесуде жеңіске жеткен. Отандасымыз WFCA тұжырымы аясында 5 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жеткен. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек