Бокс

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

inform.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Дәукенов манбасындағы алтыншы жекпе-жегін Ресейде өткізеді,  — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

30 маусым күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде Дәулет Дәукенов украиналық Владислав Барановпен қолғап түйістіреді. Қазақстандық боксшының қарсыласы кәсіпқой рингте 10 жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жеткен. Екеуінде жеңіліс тауып, үшеуінде тең түскен. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, отандасымыз бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіс дәмін татты. Соңғы кездесуін өзбекстандық Машуд Джумаевқа қарсы өткізіп, екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс