Ережесіз жекпе-жек

UFC ESPN телекомпаниясынан жылына 150 млн доллар қаражат алады

mmajunkie.com

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің ең үздік ұйымы UFC америкалық ESPN телекомпаниясымен ірі келісімшартқа отырды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы MMA Junkie сайтына сілтеме жасай отырып.

Келісімшарт ұзақ уақытқа жасалған, алайда оның мерзімі жарияланбай отыр. Жасалған келісімшарт бойынша UFC ұйымы телеарнадан жылына 150 миллион доллар көлемінде қаржы алып отырады.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ESPN+ ғаламтор-платформасында әр жылы UFC ұйымының ұйымдастырған 15 турнирі көрсетілетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін UFC ұйымы FOX телеарнасымен жұмыс істеген. Келісімшарттың мерзімі осы жылдың соңында аяқталады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек