Ережесіз жекпе-жек

Айбек Нұрсейіт: Бас төреші менің жеңгенімді айтып, кешірім сұрады

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберген Айбек Нұрсейіт жарыс және төрешілердің шешімі туралы Qsport.kz порталының тілшісіне өз ойымен бөлісті.

GEFC (Grand European Fighting Championship) тұжырымы бойынша сынға түсетін отандасымыз жергілікті спортшы Хусейн Алиевпен  болған жекпе-жекте төрешілер бұра тартса да, бас төреші жеңгенін мойындағанын айтты. 

– Жалпы, жарысқа дайындығымыз жақсы болды. Бірақ жарысқа аттанарда ұшағымыздың ұшу уақыты кейінге шегеріліп, кешігіп жеттік. Біз барғанда барлық спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп қойыпты. Қарсыласымның салмағын да көре алмадым. Жекпе-жек барысында бұл жайт та өз әсерін берді. Дегенмен намысқа тырысып, барымды салып жұдырықтастым. Нокаутымды есептемей, қарсылама бұра тартқаннан кейін, жарыстың бас төрешісі украиналық маман: «Жарыс Әзірбайжанда өткеннен кейін, төрешілер жеңісті жергілікті спортшыға берді. Тек мен ғана тең нәтиже көрсеттім. Шынтуайтында сен жеңіске жеттің, маған ренжіме», – деп кешірім сұрады, – дейді Айбек.

 Айта кетейік, Айбек отбасын құруына байланысты сегізбұрышқа бір жыл шықпаған болатын. Ол  аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасындағы алғашқы кездесуін 2016 жылы бастаған болатын. Отандасымыз Франция елінің тәжірибелі спортшысы Майкл Дубойсты техникалық нокаутпен ұтқан болатын.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек