Бокс

Қазақстандық боксшы ресейлік қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы ресейлік қарсыласын нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Айдос Ербосынұлы «777» кәсіпқой спорт клубы ұйымдастырған бокс кешінде сынға түсіп, шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз қарсыласы ресейлік Юрий Ниронкинді бірнеше рет нокдаунға жіберді. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Айдос 4 раундта қарсыласын ауыр нокаутқа жіберіп, шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 6 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс