25 Мамыр, Сенбі

Зарина Дияс жүлде қоры 7 млн АҚШ долларын құрайтын турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мадридтегі WTA турнирінің келесі айналымына өте алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің алғашқы айналымынан сүрінді. Әлемнің түкпір-түкпірінен сайысқа түскен 64 теннисші  7 435 455 АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салып жатыр. Өкінішке қарай, Зарина Дияс жарыстың алғашқы айналымында Пуэрто-Рико елінің өкілі Моника Пуигке 6:4, 2:6, 6:2 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс Марокко елінің астанасы Рабат қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымынан кері қайтқан болатын.

Бөлісу

Пікір жазу