Ережесіз жекпе-жек

Арман Оспанов: Жекпе-жектің болмайтынын 10 минут қалғанда білдім

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспанов АСВ 86 турниріндегі қарсыласы Акоп Степанян жекпе-жекке санаулы минуттар қалғанда бас тартқанын және бұл кездесуді асыға күткенін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Бұл турнирге ұзақ дайындалдым. Осындай керемет кешенде жекпе-жек өткізгім келді. Біздің, Акоппен жекпе-жегімізге дейін екі кездесу бар болатын. Сол аралықта турнирдің матчмейкері келіп, Акоптың жекпе-жекке шыға алмайтынын, кездесудің болмайтынын айтты. Әрине, басында мен ештеңе түсінбедім. Артынша Акоп Степанянға барып, халін білдім. Ол денсаулығының сыр бергенін айтты. Бүкіл Армения, Ресей және Қазақстан халқы күткен жекпе-жектің болмай қалғаны өкінішті. Дегенмен біздің спортта бірінші кезекте денсаулық маңызды, — деді Арман Оспанов ресейлік Вестник ММА YouTube арнасына берген сұқбатында.

Осыған дейін, Акоп Степанян өзінің инстагрмдағы ресми парақшасында не үшін жұдырықтасқысы келмегенін түсіндірген болатын:  — Достар, жекпе-жек менің денсаулығыма байланысты болмай қалды. Жарысқа бір апта қалғанда ауырып, өз-өзіме келе алмай жүрдім. Оның үстіне салмақ қуған кезде ауруымды ушықтырып алдым. Мен соңғы сәтке дейін жекпе-жекке шығам деп ойладым. Жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын.

Айта кетейік, Арман Оспанов пен Акоп Степанян АСВ 86 турнирінде кездесу керек болған. Жекпе-жек алдында қос спортш ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен еді. Жекпе-жекке санаулы минуттар қалғанда Акоп отандасымызбен жұдырықтасудан бас тартты.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек