Бокс

Головкиннің бапкері: Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келмейді

Ed Mulholland, HBO

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес осы салмақта WBО чемпиондық белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс жекпе-жектен қашып жүр деп есептейді. Бұл туралы Qsport.kz порталы хабарлады.

— Головкиннің абсолютті чемпион болмайтынын бәріміз білеміз. Сондерс онымен жекпе-жекке шықпайды. Ол Головкинді емес, оңай қарсыластарды таңдайды.

Сондерс Джейкобсқа қарсы жекпе-жек үшін 7 миллион доллар сұраған. Ал енді ол мұндай «тәбетпен» Головкинге қарсы жекпе-жек үшін қанша ақша сұрайтынын ойлап қараңызшы. Сондерс ұялмай Энтони Джошуаның сыйақысын атайды, – дейді Абель Санчес boxingscene сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 6 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын 2 раундта жойқын соққыларының астына алып, ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша GGG шаршы алаңдағы 38 жеңісіне қол жеткізді.

Головкин бұл кездесуде WBA, WBC және IBO чемпиондық белбеулерін қорғады. Бұдан бөлек, қос боксшы WBC Синко де Майо мейрамына арнайы жасаған белбеуін иеленді. Негізі, әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс