Басқалары

Дамир Рыспаев «Барыс» сапына қайта оралды

Елордалық «Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы Дамир Рыспаев командасына қайта оралды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы команданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

23 жастағы Дамир Рыспаев «Барыс» хоккей клубымен екі маусымға келісімшартқа отырып, бұрынғы командасы сапында қайта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Дамир Рыспаев 2016 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Президенті кубогы жарысында «Барыс» сапында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасының ойыншыларын жаппай сабаған болатын. Осыдан кейін Құрлықтық хоккей лигасының тәртіп комитеті қазақстандық ойыншыны мерзімсіз уақытқа хоккейден шеттеткен еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары