Ережесіз жекпе-жек

Ардақ Назаровтың шәкірті әзірбайжандық қарсыласын нокаутқа жіберді

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті Сырым Бектұрсын GEFC (Grand European Fighting Championship) турнирде нокаутпен жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жастар арасында панкратионнан əлем чемпионы Сырым Бектұрсын Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен GEFC (Grand European Fighting Championship) турнирінде сынға түсіп, қарсыласын нокаутпен жеңді. Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасқан отандасымыз тәжірибелі Вугар Мамадзадені (12-2) 3 раундта нокаутқа жіберіп, сегізбұрыштағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Сырым Бектұрсын сегізбұрышта 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек