Ережесіз жекпе-жек

Қарсыласын нокаутқа жіберген Айбек Нұрсейітке төрешілер жеңісті бермеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Айбек Нұрсейіттің әзірбайжандық спортшыға қарсы өткізген жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы. 

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберген Айбекке төрешілер жеңісті бермеді. GEFC (Grand European Fighting Championship) тұжырымы бойынша сынға түсетін отандасымыз жергілікті спортшы Хусейн Алиевке қарсы жекпе-жек өткізді. 3 раундқа созылған жекпе-жекте Айбек соңғы 10 секунд қалғанда қарсыласын жойқын соққысымен нокаутқа жіберген болатын. Алайда, төрешілер жекпе-жекті аяқталғанын айтып, отандасымызға шабуылын аяқтауға мүмкіндік бермеді. Жарыс аяқталған соң, қазылар арқасы жекпе-жектің тең аяқталғанын айтып, төреші қос спортшының қолын көтерді.

Айта кетейік, Айбек отбасын құруына байланысты сегізбұрышқа бір жыл шықпаған болатын. Ол  аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасындағы алғашқы кездесуін 2016 жылы бастаған болатын. Отандасымыз Франция елінің тәжірибелі спортшысы Майкл Дубойсты техникалық нокаутпен ұтқан болатын.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек