Бокс

Қазақстандық боксшы өзбек қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Уалихан Бисенқұлов өзбекстандық қарсыласын нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшы Уалихан Бисенқұлов Мәскеуде өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ауыр салмақта сынға түскен отандасымыз өзбек боксшысы Сабиджон Хушвоковқа қарсы жұдырықтасып, 2 раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Сөйтіп, отандасымыз шаршы алаңдағы 4 жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, «Адай» лақап атымен танылған Уалихан кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 15 сәуірде  Кристиан Вуапиге қарсы өткізіп, 4 раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс