Негізгі жаңалықтар

«Атлетико Мадрид» Еуропа лигасының финалына жолдама алды

Испанияның «Атлетико Мадрид» командасы Еуропа лигасының финалына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

 Испанияның «Атлетика Мадрид» командасы өз алаңында «Арсенал» командасына қарсы қарымта матч өткізіп, Еуропа лигасының финалына жолдаманы сарапқа салды. Алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. «Атлетико Мадрид» командасының шабуылшысы Диего Коста ойындағы жалғыз голды соғып, командасын ақтық сынға шығарды.  Жалпы ойын қорытындысы бойынша испаниялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, «Атлетико Мадрид» командасының финалдағы қарсыласы бүгін анықталады. «Ред Булл» мен «Марсель» арасындағы матчтың жеңімпазы испаниялықтарға қарсылас атанады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Негізгі жаңалықтар