Басқалары

Алматы күрес түрлерінен әлем чемпионатын өткізуге басты үміткер

Алматы қаласы 2019 жылы күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатын өткізуге басты үміткер, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Tass.ru сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық күрес федерациясы 2019 жылы әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдердің тізімін жариялады. Федерация президентінің айтуы бойынша, 2019 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Қазақстан мен Түркия елі ұсыныс білдірген. Алдымыздағы шілде, тамыз айында Халықаралық күрес федерациясы Алматы немесе Стамбулда өткізу туралы нақты шешім шығарады.

Айта кетейік, 2015 жылы күрес түрлерінен Азия чемпионаты Қазақстанда өткен болатын. Ал 2011 жылғы әлем чемпионаты Түркия елінде өткен.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары