Ережесіз жекпе-жек

Қазақстандық спортшылар UFC-дің кастингіне шақырту алды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары Шахмарал Жетпісов пен Зәмзәгүл Файзолланова әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-дің кастингіне шақырту алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қос қазақстандық спортшы UFC тұжырымының касстингіне шақырту алған. Бұл туралы Alash Pride клубы инстаграмдағы ресми парақшасында жариялады.

– Əзірге мынадай қуанышты жаңалықпен бөлісуді жөн көріп отырмыз. Біздің промоутерлік компанияның атлеттері Шахмарал Жетпісов пен Зəмзəгүл Файзолланова менеджер Саят Əбдірахмановтың көмегімен Америкалық UFC промоушеніне қарасты The Ultimate Fighter 28 реалити шоуының кастингіне қатысуға ресми шақырту алды. Бір айта кетерлігі, кастинг 22-мамыр күні Невада штатының Лас-Вегас қаласында өтеді. Өте аз уақыт қалғандықтан, қазір виза аштыру мəселелерімен өте шұғыл түрде айналысып жатырмыз. Егер, виза ашылып үлгерсе, екі спoртшымыз бақтарын сынап көрмек. Əзірге сəттілік тілейміз», – деді Alash Pride командасы.

Айта кетейік, «Алаш прайд» клубыны еліміздегі ең мықты спорт клубтардың бірі. Команда құрамында Арман Оспанов, Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев сынды спортшылар бар.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек