Ережесіз жекпе-жек

Қуат Хамитов: Головкин-Мартиросян жекпе-жегі шоу немесе бизнес

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов Головкин-Мартиросян арасындағы жекпе-жек туралы Qsport.kz сайтына өз ойымен бөлісті.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов 5 мамыр күні өтетін Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 KO) қарсы жекпе-жек өткізетінін көңілі толмайтынын айтты.

– Біз спортты екі мықтының сайысқа түсіп, нағыз мықты кім екенін көрсеткені үшін жақсы көреміз. Спорт – сонысымен спорт. Алайда сенің қарсыласың сенен әлсіз және соңғы жекпе-жектерінде жеңіліске ұшырап, екі жыл зейнетте болса, онда бұл нағыз спорт емес. Бұл шоу немесе тек бизнес қана. Мен Головкиннің қарсылас таңдауына ғана емес, жалпы боксқа көңілім толмайды. Спортты өмірлік серігі еткен адам болғандықтан, жалпы ескі бокс мектебінің жанкүйері ретінде түсініксіз жекпе-жектерден гөрі, нағыз алыптар айқасын көргім келеді», – деді Қуат.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянды (36-3-1, 21 KO) арасындағы кездесу 5 мамыр күні Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі, әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек