Ережесіз жекпе-жек

Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

Мәселе 1 раундта шешілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Мырза Еркінбеков өзбек спортшысын нокаутпен ұтты, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Қарағанды қаласында аралас жекпе-жектен өткен Abadan Fighting Championship 2 турнирінде сынға түскен Мырза Еркінбеков өзбекстандық Муxамоджан Каюмовпен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундтан бастап жойқын соққыларын дарытып, 1 раундта-ақ теxникалық нокаутпен жеңіске жетті! Жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз сегізбұрыштағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Мырза Еркінбек аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті. Ол соңғы жекпе-жегін Naiza Fighter Championship 13 турнирінде өткізіп, өзбекстандық спортшы Жасур Азимовты 1 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек