Ережесіз жекпе-жек

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Османжан Қасымов Алматыға оралды

Абу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Османжан Қасымов Алматыға оралды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Сонымен қатар, елге Qazaqstan Top Team джитсерлары Руслан Исраилов, Айдар Түлебаев, Ядгар Қасымов оралды.  

Айта кету керек, Османжан 77 келі салмақ дәрежесі бойынша күлгін түсті белбеулердің санатында өнер көрсетіп, шешуші кездесуде жергілікті джитсер Сауд Альхмадиді ұтқан болатын. Осылайша жерлесіміз әлем чемпионатында өзінің үшінші финалдық кездесуін өткізіп, алғаш рет чемпион атанды. Осыған дейін, ол екі рет күміс жүлдеге ие болған еді.  

— Финалдық кездесу мен үшін маңызды болды, себебі қарсыласым араб елінің тумасы еді. 2015 жылы дәл осылай мен финалда осы елдің азаматына қарсы шығып, ұпай саны бойынша ұтылдым, алайда жеңіске мен лайықты болып саналғанмын. Осы жолы сол жағынан психологиялық тұрғыдан қиын болды. Кездесу бір қалыпта болды, мен соңына тақау басымдылық танытып, оған лақтыру әдісін қолдандым, — деп өзінің кездесуі жайлы Османжан Касымов пікірімен бөлісті. 

Оның ендігі мақсаты ADCC ережесіне сәйкес өткізілетін грепплингтан әлем чемпионы атану. Ол үшін ол іріктеу кезеңін өтіп, келесі жылы болатын Азия және Океания чемпионатын ұту керек.   Сонымен қатар, әлем чемпионатының күміс жүлдегер Айдар Түлебаев та өз ойымен бөлісті. Ол қоңыр белбеулер арасында 77 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан болатын. Осының алдында ол өткен әлем біріншіліктерінің екі дүркін жеңімпаз атанған. 

— Мен финалда көп қателіктер жібердім. Джиу-джитсу спорты қателіктерді кешірмейді. Мен ауыртпалық әдістерін жасамақ болып бірнеше рет әрекет еттім, алайда ол оны пайдаланып, ұпай жинаумен болды. Бірақ, болар іс болды, алда әлі талай жеңістер күтіп тұр деп сенемін, — деді ол. 

Айта кетер жайт, бұл Біріккен Арабия Әмірлігіндегі әлем чемпионаты 2011 жылдан бастап 9 салмақ және жас дәрежесі бойынша UAE JJF ережесіне сәйкес өткізіліп келеді. Әр жыл сайын оған өз бақтарын сынауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық спортшы жиналады. Бұл жолы ол сәуірдін 21-28 аралығында өткізіліп, оған болжам бойынша Қазақстанның әр клубынан 200-ге жуық спортшы қатысқан.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек