Соңғы жаңалықтар

Құрбан Бердиев ҚФФ басшылығымен жолықты

Қазандық «Рубин» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен Астанаға келді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футболы күні Ресейдегі ең табысты бапкерлерінің бірі Құрбан Бердыев Астанаға ат басын тіреп, Қазақстан футбол федерациясының жетекшілері және ардагерлермен жүздесті.

Кездесуде мәртебелі мейман қазақстандық футболдың даму стратегиясының бекітілген нұсқасымен танысты. Қазандық клубтың бас бапкері маңызды құжатты жазу барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, елеулі үлес қосқан еді.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясы мен Құрбан Бердыев алдағы уақытта серіктестік жоспарын талқылады. Тәжірибелі бапкер Федерацияның бастамасын қолдап, қазақстандық мамандарға кеңес беруге дайын екенін жеткізді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар