Бокс

Жәнібек Әлімханұлы: Данияр соққыны көре алатын талантты боксшы

Жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Жәнібек Әлімханұлы Ұлттық құрамада бірге жаттыққан Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегі мен жұдырықтасу мәнерінің артықшылығы туралы Qsport.kz порталының тілшісіне айтып берді.

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жектегі тактикасы мен қорғаныстағы артықшылығын атап өтті. Ол өз сөзінде: «Данияр екеуміз қаншама жыл бір командада бірге жаттықтық. Жарыстарға бірге бардық. Әр қарсыласына тиянақты дайындалады. Бұрын ұтып жүрген боксшы болса да арнайы тактикамен шығады. Қарсыласын менсінбей бокстаспайды. Данияр соққыны көре алатын талантты боксшы. Негізгі артықшылығы да осы. Бұл жолы да осы мүмкіндіктерін толық пайдаланады деп ойлаймын. Жеңіске жетіп, көк туды желбірететініне сенемін», – деді Жәнібек.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Отандасымыз бүгін Джейкобс  Сулецки арасындағы жекпе-жектің андеркартында Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) жұдырықтасады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс