Бокс

IBF Головкин мен Деревянченконы жекпе-жек өткізуге міндеттеді

GGG Ванеспен өткізген жекпе-жегінің кейін 90 күннің ішінде келісімге келу керек

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинды (37-0-1, 33 КО) Сергей Деревянченкоға қарсы жұдырықтасуды міндеттеді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

IBF тұжырымы орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға (12-0, 10 KO) қарсы жұдырықтасып, чемпиондық атағын қорғауға міндетті. GGG Ванеспен өткізген жекпе-жегінің кейін 90 күннің ішінде келісімге келу керек. Егер отандасымыз 3 тамызға дейін келісімге келе алмаса, Головкин чемпиондық титулынан айырылады. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 KO) арасындағы кездесу 5 мамыр күні Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс