Бокс

Данияр Елеусінов дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласы Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) көз арбасты. Қос спортшы да 68 келі салмақты көрсетті. Джейкобс  Сулецки арасындағы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасатын отандасымыз 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізеді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс