Соңғы жаңалықтар

«Ордабасы» Еуропа лигасына қатыспайды

Қазақстан футбол федерациясы шымкенттік «Ордабасы» футбол клубын Еуропа лигасының жолдамасынан айырды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» негізіне сәйкес өткен Сертификация комиссиясының отырысында келесі шешімдер қабылданды: 

— 2018/2019 жылғы УЕФА маусымының клубтық жарыстарына қатысу құқығы үшін келесі клубтарға сертификат беру:

«Астана» футбол клубы (Астана қ.);

«Қайрат» футбол клубы (Алматы қ.);

«Ертіс» футбол клубы (Павлодар қ.).

— «Ордабасы» футбол клубына (Шымкент қ.) «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» қаржылық талаптарды орындамағаны үшін (52-бап – әлеуметтік қорлар мен салықтық органдар алдында кредиторлық қарыздарды өтеу уақытының бақылау мерзімін бұзғаны үшін) 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беруден бас тарту. 

— «Тобыл» футбол клубына (Қостанай қ.) 2017 жылғы Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша спорттық нәтиже негізінде және «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» барлық талаптарын орындағаны үшін 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беру.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар