Ережесіз жекпе-жек

Қазақ спортшысы жүлде қоры бір миллион долларды құрайтын турнирге қатысады

Жекпе-жек Madison Square Garden аренасында өтеді

Қытайдың қазағы Жұмабек Тұрсын аралас жекпе-жектен жүлде қоры бір миллион АҚШ долларын құрайтын додада бағын сынайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Pfl.com сайтына сілтеме жасап.

Жұмабек Тұрсын бұрынғы WSOF промоушені болған америкалық тұжырымда сайысқа түседі. Қазіргі таңда Professional Fighters League (PFL) деп аталатын тұжырым жүлде қоры 1,000,000 АҚШ долларын құрайтын жарыс ұйымдастырып, әр салмақта жеңімпаз атанған спортшыға осы қаржыны табыс етеді. Сондай-ақ бұл жарыстың ширек финалында ұтылғандар 50 000 доллар, жартылай финалында ұтылғандар 100 000 доллар, екінші орын алғандар 200 000 долларға ие болады. Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Жұмабек алғашқы жекпе-жегін жеңіліп көрмеген Андре Харрисонға (17-0) қарсы өткізеді. Madison Square Garden аренасында өтетін турнир маусым айында жалауын желбіретеді.

Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын сегізбұрышта 25 жекпе-жек өткізіп, 20 рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол UFC тұжырымында 3 жекпе-жек өткізген болатын.

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек