Басқалары

Зарина Дияс Штутгарттағы турнирде тәжірибелі қарсыласына есе жіберді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Штутгарттағы WTA турнирінінде әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қарсыласына есе жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс Германия елінде өтіп жатқан Штутгарттағы турнирде әлемнің ең үздік ракеткасы саналатын латвиялық Елене Остапенкодан айласын асыра алмады. Екі кезеңге созылған ойында отандасымыз 3:6, 0:6 есебімен есе жіберіп, жарысты жарты жолдан тоқтатты.

Айта кетейік, жүлде қоры 816 000 АҚШ долларын құрайтын доданың алғашқы айналымында отандасымыз әлемдік рейтингте 57-орында тұрған Карина Виттёфтты жеңген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары