18 қараша, Дүйсенбі

Мадияр Әшкеев: Головкин Мартиросянды алғашқы раундта құлатпаса, жағдайы қиын болуы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев  Головкин-Мартиросян арасындағы жекпе-жек туралы Qsport.kz порталының тілшісіне өз ойымен бөлісті. 

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Мадияр Әшкеев (9-0, 5 KO)  Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жектің тартысты өтетінін айтып, GGG қарсыласын алғашқы раундтарда нокаутқа жібермесе қиын болатынын айтты. Ол өз сөзінде: «Ванесті Головкинге лайықты қарсылас емес деп айту қате. Өйткені әр боксшы шаршы алаңға шыққанда тек жеңіске жету үшін шығады. Сондықтан Мартиросян отандасымызға әбден лайықты қарсылас және біршама қиындықтар да туғызуы мүмкін. Ванестің біраз жекпе-жектерін көрдім. Ол тек жеңіліп көрмеген, өте тәжірибелі боксшыларға ғана есе жіберді. Тіпті Ларамен өткізген жекпе-жегінде жеңілмеді деуге де болады. Егер Головкин алғашқы раунда құлатпаса, жекпе-жек қиынға соғуы мүмкін. Дегенмен отандасымыздың жеңісіне сенімдіміз және қолдау көрсету үшін арнайы барамыз», – деді Мадияр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянды (36-3-1, 21 KO) арасындағы кездесу 5 мамыр күні Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешешінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

Бөлісу

Пікір жазу