Бокс

Жанат Жақиянов: Әлімханұлы өз салмағының көшбасшысы болатын боксшы

Әлем чемпионы өз бағасын берді

Кәсіпқой бокстан екі тұжырым бойынша әлем чемпионы болған Жанат Жақиянов Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой боксқа ауысқаны туралы өз  ойымен Qsport.kz  сайтының тілшісіне  бөлісті.

Аса жеңіл салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының бірі Жанат «ZZ» Жақиянов Әлімханұлының болашағынан үлкен үміт күтетінін айтып, өз салмағының көшбасшысы болатынын жеткізді. Ол өз сөзінде: « Жәнібектің әуесқой бокстағы біраз жекпе-жектерін көргенмін. Әлем чемпионы болғанының да куәсімін. Өте талантты боксшы. Кәсіпқой бокста өз салмағының көшбасшысы болатын боксшы. Мен оған сенімдімін», – деді Жақиянов. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жақында ғана кәсіпқой боксқа біржолата ауысқанын мәлімдеген болатын. Отандасымыз осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 2 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс