Соңғы жаңалықтар

Әлім Ілиясов: «Астана» жейдесінде өнер көрсету мен үшін абырой жəне үлкен жауапкершілік»

«Астана» командасы Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 финалы аясында «Мақтарал» командасымен кездесті. Ойын оңтүстік-қазақстандық команда пайдасына 3:1 есебімен аяқталды, — деп хабарлайды Qsport.kz парталы футбол клуптың ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш кездесуде негізгі команда сапындағы дебюттік ойынын өткізген дубль құрамының қорғаушысы Әлім Ілиясов клубтың баспасөз қызметіне матч туралы пікірімен бөлісті:

— Ойынды өте жақсы қарқынмен бастадық. «Мақтарал» командасы ойыншыларының тәжірибесі мол, физикалық мүмкіндіктері жоғары екендігін білдік, алайда біз олардан кем түскен жоқпыз. Ойынның алғашқы кезеңінде екі команда деңгейлес ойын көрсетті. Гол соғатын мүмкіндіктер екі жақта да болды. Ал ойынның екінші таймында біз өзімізге үйреншікті ойын үлгісін көрсетуге тырыстық. Дегенмен қорғаныс шебінде жіберген қателіктеріміз қақпамызға соғалған голдарға алып келді.

— Жеңіске жетуге біздің командада не жетіспеді деп ойлайсың?

— Екі командада да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Қарсыластарымыз өз мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланып кетті. Ал бізде керісінше… Егер кездесуде алғаш болып есеп ашқанда, ойын мүлде басқаша болар ма еді!?

— Негізгі команда сапындағы алғашқы кездесуіңді өткіздің. Ойын алдында қандай да бір қобалжу болды ма?

— Әрине, аздаған қобалжу болды. Дегенмен әр ойыншы үшін негізгі команда сапында дебют жасау, әсіресе, мен сияқты клубтың тәрбиеленушісі үшін үлкен абырой деп ойлаймын. Негізгі командаға іліну үшін әлі де деңгейімді өсіріп, көп еңбектенетін боламын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар