Бокс

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің мерзімі анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын 30 секундта ұрып сұлатқан Садриддиннің келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды. Отандасымыз 26 мамыр күні Канада елінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. «Қазақ сарбазының» қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Ахмедов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін  Tони Баррерасқа (1-1 1 KO) қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын. «Қазақ сарбазы» 69 келідегі Қазақстандағы ең үздік былғары қолғап шеберлерінің бірі. Отандасымыз 2016 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатында үш қарсыласын нокаутпен ұтып, ел қоржынына жалғыз алтын жүлдені салған болатын. Ахмедов шаршы алаңда 252 жекпе-жек өткізіп, 242 рет қарсыластарынан басым болған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс