Бокс

Мерген Билялов қытай спортшысына қарсы жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кикбоксшы Мерген Билялов кезекті жекпе-жегін қытай спортшысына қарсы өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Liverkick.com сайтына сілтеме жасап. 

Кикбокстан әлем чемпионы Мерген Билялов Қытайда өтетін EM Legend 30 турнирінде сынға түседі. 24 сәуір күні өтетін байрақты бәсекеде сынға түсетін Мерген кезекті жекпе-жегін өткізеді.  75 келіде жұдырықтасатын отандасымыз қытайлық спортшы Хуо Лихуймен жұдырықтасады. Қытайлық спортшы шаршы алаңда 9 жекпе-жек өткізіп, 6 рет жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Мерген Билялов соңғы жекпе-жегін Kunlun Fight 72  турнирінде өткізіп, қытайлық спортшыны нокаутпен жеңген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс