Бокс

Қазақстандық боксшы өзбек боксшысын нокаутпен ұтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Даукенов кезекті жекпе-жегінде өзбекстандық боксшыны техникалық нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокс кешінде жұдырықтасқан отандасымыз кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бірінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Дәулет өзбек боксшысы Максуд Джумаевқа қарсы жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта қарсыласының кездесуден бас тартуына байланысты, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Дәулет Дәукенов шаршы алаңда 4 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен болатын. Ол соңғы кездесуінде ресейлік Шамиль Даутаевты техникалық нокаутпен жеңген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс