Соңғы жаңалықтар

«Қазақтың Мессиі» жарақат алып қалды

Ресейлік «Уфа» футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

18 жасар футболшының қалай жарақат алғаны және оның жасыл алаңға қашан оралатыны белгісіз болып отыр. «Қазақтың Мессиі» «Уфаның» ЦСКА-ға қарсы өткізген соңғы ойнына қатыспады.

Жалпы, Еркош (лақап аты — авт.) «Уфа» командасының сапында екі ойын өткізді. Ресей Премьер лигасы аясында «Анжиға» қарсы ойынның 46-минутында алаңға шығып, Ресей біріншілігінде доп тепкен 21 ғасырда туған алғашқы футболшы атанды. Артынша «Арсенал» клубына қарсы матчта 81-минутта әріптесін ауыстырды.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да екі ойын өткізіп үлгерді. Венгрияға қарсы алғашқы ойынында гол соқты. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар